2025 жылғы 29 сәуірде «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесі қарсаңында «ОҚМА» АҚ-ның спорт залында Дене тәрбиесінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында волейболдан «Волейбол алаңындағы достық» атты кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: командалық рухты дамыту, бір-бірімен ынтымақтасып, ортақ мақсатқа жету, спортқа әуестену білім алушыларды гаджеттерден алшақтатып, белсенді өмір сүруге бағыттау, өз командасына жауапкершілікпен қарап, сенімді болуды үйрету.
Кездесуге 4 командадан 24 ойыншы қатысты.
Кездесуге келген командалар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде І-ші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті командасы жеңіп алды. ІІ-ші орынды академиямыздың құрама командасы иеленсе, ІІІ-ші орын алыс шетел білім алушылар командасына бұйырды.
Жеңімпаз болған командаларға дипломдар берілді.