Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Волейболдан жолдастық кездесу...
4 желтоқсан 2025
1
0
0

Волейболдан жолдастық кездесу өтті

2025 жылғы 1 желтоқсанда академияның № 1 бас ғимараттағы спорт залында М.Әуезов атындағы Оңтұстік Қазақстан зерттеу университеті мен ОҚМА- ның білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық дағдыларды дамыту және командалық рухты нығайту мақсатында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.
Жолдастық ойынға 4 команда қатысты:
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің командасы;
- Мед академияның құрама командасы;
- Медколледж командасы;
- Алыс шетел білім алушыларынан құралған команда.
Кездесу достық атмосферада өтті. Білім алушылар өзара қолдау көрсетіп, ойын барысында белсенділік танытты. Волейбол ережелері сақталып, төреші бақылауымен өтті.
Кездесу жеңімпазды анықтаудан бұрын, білім алушылардың ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, белсенді ойын көрсеткендер мадақталды.
Жолдастық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік және спорттық мәні зор іс-шара болды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер орны (0)