Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары XI Халықаралық ғылыми-практика...
10 тамыз 2026
1
0
0

XI Халықаралық ғылыми-практикалық «Шипажай – 2026» форумы аясындағы халықаралық көрме

2026 жылғы 7–8 тамыз күндері Алматы қаласында XI Халықаралық ғылыми-практикалық «Шипажай – 2026» форумы өтті. Форум аясында санаторийлік-курорттық ұйымдардың, медициналық жабдық өндірушілердің, фармацевтикалық компаниялардың, инновациялық технологиялар мен денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдердің халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Көрме алаңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Қуандық Әнуар Талапұлы орталықтың өнімдерін — Қазақстан Республикасында патенттелген, тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылатын дәрілік өсімдік шикізаты негізіндегі 9 түрлі фитошай жинағын, сондай-ақ жекелеген дәрілік өсімдіктерден дайындалған фитошайларды таныстырды.

Ұсынылған фитопродукциялар көрме қатысушыларының қызығушылығын тудырып, кәсіби қауымдастық өкілдерінің оң пікірлеріне ие болды.


«Шипажай» халықаралық форумы ғалымдарды, курортология және медициналық оңалту саласының мамандарын, медициналық жоғары оқу орындарының, бейінді ұйымдар мен фармацевтикалық компаниялардың өкілдерін біріктірген кәсіби алаңға айналды. Іс-шара аясында ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу жүргізіліп, заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер таныстырылды, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты дамытуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға жағдай жасалды.

Халықаралық көрмеге қатысу ОҚМА Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-зерттеу және практикалық қызметінің нәтижелерін таныстыруға, кәсіби қауымдастықты отандық фитопродукциялармен таныстыруға, ғылыми, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Форум Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің өкілдерін біріктіріп, санаторийлік-курорттық саланы дамытуға, медициналық оңалтудың тиімділігін арттыруға, ғылыми және инновациялық шешімдерді практикалық денсаулық сақтауға енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)