
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 24 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация ісін ұйым¬дастыру және басқару» кафедрасына С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ФҰБЭжҚФ кафедрасының PhD — Рахымбаев Н.А. келді.
Осы кезең ішінде ФАФЭН, МФТ, ФБЭ-1, ФБЭ-2, ФМК, КДФЭН, ФММ, ФҚҰН, ФММН пәндері бойынша дәрістер, практикалық және ОБӨЖ сабақтар өткізілді. Сабақтар «Фармация» БББ 2, 3, 4 және 5 курс білім алушыларға арналды.
Рахымбаев Н.А. дәстүрлі дәріс форматтарын практикалық тапсырмалармен және өзіндік жұмыстар элементтерімен ұштастыра отырып, білім алушылармен белсенді өзара әрекет жасады. Бұл тәсіл оқытылатындардың пәнге деген қызығушылығы мен оқу үдерісіне қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл сапар ОҚМА мен ҚазҰМУ арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, ол тәжірибе алмасуға, инновациялық білім беру тәсілдерін енгізуге және фармацевтикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.