Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Юсуф Хос Хажибтің философиялы...
26 мамыр 2025
8
0
0

«Юсуф Хос Хажибтің философиялық мұрасын Үшінші Ренессанс негіздерін қалыптастырудағы маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылдың 16 мамыры күні Өзбекстан республикасы, Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі, Альфраганус университетінде «Юсуф Хос Хажибтің философиялық мұрасын Үшінші Ренессанс негіздерін қалыптастырудағы маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның басты мақсаты - Рухани құндылықтарымызды зерттеу, олардың маңыздылығын бағалау, Ұлы ойшылдарымыздың философиялық көзқарастары мен еңбектеріндегі құнды идеялар арқылы Жаңа Өзбекстанда ғана емес, сондай-ақ Шығыс пен Батыста туындайтын адамгершілік, әлеуметтік және мәдени мәселелердің шешімдерін табу.
Конференцияға ОҚМА, «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының соц.ғ.к., проф. м.а. Ертаев Мухаметкарим Абдукаримович және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенті Мирахматова Маржона Лутфуллаевна қатысты.
Конференция жоғары деңгейде өтті. Жиынның пленарлық отырысында М.А. Ертаев және секциялық жұмысында Мирахматова М.Л. баяндама жасады. Бұл шараның нәтижесінде ғылымға деген қызығушылықты арттыру мақсатында екі мемлекет арасында алаң жасалды.
Конференция соңында конференцияға қатысып баяндама жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының соц.ғ.к., проф. м.а. Ертаев М.А. және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2- курс студенті М.Л.Мирахматоваға алғыс айтып, арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер орны (0)