Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Заң мен тәртіп» тақырыбында «...
18 ақпан 2026
1
9
11

«Заң мен тәртіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының СҚБ-101 тобының студенттері «Заң мен тәртіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәселелерін талқылау болды.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар заңның қоғамдағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жастар арасындағы құқықтық мәдениетті дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Студенттер өз ойларын ортаға салып, түрлі мысалдар келтіріп, белсенді талқылау жүргізді.
Шара танымдық әрі мазмұнды өтті. Ол студенттердің құқықтық түсінігін кеңейтіп, заң мен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың маңызды міндеті екендігін тағы бір рет айқындады.

Пікірлер орны (11)
Бегимбетов Дінмұхаммед
Стом 👍🏻👍🏻👍🏻
Сапарбек Мадина
Молодцы СТОМ👍🏻
AYAUKA
стом😍😍😍👍🏻
AYAUKA
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Өзбек Мадина Берікқызы
Стом 😍👍🏻👍🏻👍🏻
Нурымбетов Ибрагим
Молодцы
Намаз Жанерке Ержанқызы
Молодцыы👍👍
Намаз Назым
Стом👍🏻👏🏻
Karlygash
😍😍😍😍
Karlygash
Молодцы✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻
Есіркеп Мухамедамин
Молодцы🔥🔥🔥🔥