Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жастар және діни сауаттылық»...
25 ақпан 2026
1
0
0

«Жастар және діни сауаттылық» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және діни сауаттылық» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелдің» мақсаты студенттердің діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың айла-тәсілдерін түсіндіру, сыни ойлау қабілетін дамыту және жастардың патриоттық сезімін нығайту болды. Сонымен қатар, жиын барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері де кеңінен қозғалды.
Кафедра меңгерушісі Қанат Дәуренбеков «дөңгелек үстелдің» маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда жастар арасында діни сауаттылықты арттыру өзекті мәселе екенін атап өтті. Ол студенттерге арнайы шақырылған қонақтарды таныстырып, мазмұнды пікір алмасуға шақырды.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған академияның комплаенс-офицері Нұрғали Пернебаев жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және түрлі теріс идеологиялардың алдын алу жолдары туралы баяндады. Мұнан кейін Шымкент қаласының дін істері басқармасының теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді сөз сөйлеп, дәстүрлі дін мен жат ағымдардың айырмашылығын түсіндірді. Сонымен қатар, деструктивті діни ұйымдардың жастарды өз қатарына тартуда қолданатын психологиялық тәсілдері туралы нақты мысалдар келтіріп, олардың алдын алу жолдарын баяндады. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
«Дөңгелек үстел» барысында психолог Динара Еспенбетова студенттермен психологиялық тренинг өткізіп, сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар ақпаратты сараптау, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу және стресстік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады.

Пікірлер орны (0)