Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жатақхана біріншілігі
26 мамыр 2025
5
0
0

Жатақхана біріншілігі

2025 жылдың 23 мамырында ОҚМА АҚ жатақханасында Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Жатақхана біріншілігі» өтті. Бұл шара студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жатақхана тұрғындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді.
Басты мақсаттар:
• Студенттердің бір-бірімен жақын танысып, ұйымшыл болуына ықпал ету;
• Спорттық белсенділікті арттыру арқылы денсаулықты нығайту;
• Жатақхана ішіндегі ынтымақ пен тәртіпті қалыптастыру;
• Жас буынның бойында жауапкершілік пен ұжымдық рух қалыптастыру.
Жарыс жеңімпаздары:
• Шашка ойынынан 1-орын – Сайлау Мұхтар, Интернатура
• Қол күрес бойынша 1-орын – Темірбай Асылжан, ІЖТДҚ–13–24 тобы
• Арқан тарту сайысынан 1-орын – Интернатура командасы
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл күн – студенттер үшін көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын естеліктерге толы ерекше сәтке айналды.
«Жатақхана біріншілігі» алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, жастардың жан-жақты дамуына жол ашады деп сенеміз.

Пікірлер орны (0)