2025 жылдың сәуір айында Психологиялық қызметтің психолгтары Калмагамбетова Б., Манзорова Ә., Опышева А., жатақханада тұратын студент қыздармен жоспарлы тәрбие жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралардың мақсаты – қыз балалардың тұлғалық дамуына, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға, сондай-ақ жатақханадағы тәртіп пен мәдениетті сақтауына ықпал ету.
Кездесуде қыз баланың қоғамдағы орны, әдеп пен инабаттылық туралы сөз қозғалды. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар– Жатақхана ішіндегі тазалық, тыныштық, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге ішкі тәртіп ережелері қайта ескертілді.
Жалпы, аталған іс-шаралар студент қыздардың белсенділігін арттырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Болашақта да тәрбиелік мәні зор жұмыстарды тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.