Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Жеке кеңістікті және басқалар...
16 мамыр 2025
5
0
0

«Жеке кеңістікті және басқалардың құқықтарын қалай құрметтеуге болады?» тақырыбында халықаралық факультетінің студенттерімен кездесу

Психологиялық қызмет және халықаралық факультеттің ұйымдастыруымен шетел студенттерімен (қыздарымен) кездесу өтті.
Іс-шаралардың мақсаты – қыз балалардың тұлғалық дамуына, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға, сондай-ақ академияда және жатақханада тәртіп пен мәдениетті сақтауына ықпал ету.
Кездесуде қыз баланың қоғамдағы орны, әдеп пен инабаттылық туралы сөз қозғалды. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар– Жатақхана ішіндегі тазалық, тыныштық, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге ішкі тәртіп ережелері қайта ескертілді.
Жалпы, аталған іс-шаралар студент қыздардың белсенділігін арттырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Алдағы уақыттада шетел студентеріне тәрбиелік мәні зор жұмыстарды тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Пікірлер орны (0)