
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумында “Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология” кафедра ұжымы мен ассистент Абабакирова Дилсара Талиббаевна, сондай-ақ 5 курс – алыс шетел студенттері әзірлеген 🌟 “HemLink – Smart Blood Donation & Emergency Sharing Platform” жобасы 🩸
Galamat Group компаниясының CEO Сейтжан Сыпабек атынан
🥈 ІІ орын (75 000 тг) иегері атанды! 🎉
Ал Zire.kz жобасы (авторы — 4 курс студенті Исмаилов Шерзад, ғылыми жетекшісі Абабакирова Д.Т) өзектілігі мен ерекше идеясы үшін Galamat Group атынан арнайы кітап сыйлығымен марапатталды.
Сонымен қатар, “HemLink – Smart Blood Donation & Emergency Sharing Platform” жобасы
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызының атынан ІІl дәрежелі дипломмен және 100 000 тг көлеміндегі арнайы сыйлықпен марапатталды.
Бұл жетістік — кафедра ұжымының, жетекшінің және студенттердің еңбегінің жарқын нәтижесі!
