Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына орай «Жеңістің тарихи ескерткіштері мен естеліктері: Ұрпаққа аманат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы алғы сөз сөйлеп, «дөңгелек үстелдің» мазмұны, міндеті мен мақсаттары туралы айтып өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлікті ұмытпай, жеңістің тарихи маңызын ұрпаққа жеткізу, жастардың патриоттық сана-сезімін ояту, тарихи ескерткіштер мен естеліктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен В-ФӨТҚАБ-04-23 тобы қатысты.
Дөңгелек үстел аясында студенттер "Жеңіс ескерткіштерімен таныстыру" тақырыбында мини-жобалар дайындап, оларды таныстырды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар Жеңістің ұлы мұрасын сақтау – барша ұрпақтың парызы екенін атап өтті.