2025 жылғы 14 қарашада «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ базасында Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» конкурсының ІІ кезеңіне қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия ұсынылған материалдарды, сарапшылар тобының қорытындыларын қарап, конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға ұсынылған үміткерлерді бекітті.
