Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Жүректен жүрекке»
26 желтоқсан 2025
1
0
0

«Жүректен жүрекке»


 2025 жылы 23- желтоқсан күні  «ЖТД-3» кафедра ассистенттері Онласбекова Г.М., Баймакова Г.Ш. ұйымдастыруымен және «Жалпы медицина» мамандығының 6-курс IЖТДҚ-08-25, IЖТДҚ-09-25,  IЖТДҚ-10-25 топ интерн-дәрігерлерінің бастамасымен, «Жаңа жыл» мерекесіне мүмкіндігі шектеулі, ерекше күтімді қажет ететін балаларға үйлеріне барып  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық игі іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Интерн-дәрігерлердің бойында мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын қалыптастыру, әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге бағыттау, қоғамдағы қамқорлық мәдениетін дамыту, ата-аналарға рухани қолдау білдіру және жас мамандардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.
«Ай-Нұры» медициналық орталығының басшысы Э.У.Сауленбаева және орталықтың қызметкерлері «ЖТД-3» кафедрасының ұжымына және барлық интерн-дәрігерлерге белсенді азаматтық ұстанымы мен ізгі ниеттері үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.
Бұл игі бастама – жас дәрігерлердің тек кәсіби емес, рухани тұрғыдан да қалыптасуына зор үлес қосатын, қоғамға үлгі болатын іс-шаралардың бірі болды.

Пікірлер орны (0)