
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖЫЛ АДАМЫ – 2025» республикалық байқауында Инженерлік пәндер кафедрасының ғұлама профессоры м.а. Орымбетов Эмит Махатович жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауында Абдысадық Ақбота Асқарқызы жеңімпаз атанды. Оның ғылыми жетекшісі — Мүсірепова Айжан Ахмедбекқызы.
Ғылыми жетекші мен студенттерді осынау жетістіктерімен оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, сондай-ақ Фармация факультетінің деканы, техникалық ғылымдар кандидаты, профессор м.а. Арыстанбаев К. Е. құттықтады.
Профессорымызды, ғылыми жетекшіні және студенттерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, алдағы шығармашылық табыстар тілейміз!