Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Жыныстық жетілу және гигиена...
28 қазан 2025
4
0
0

«Жыныстық жетілу және гигиена – салауатты болашақтың кепілі»

Адам өмірінің ең ерекше әрі жауапты кезеңдерінің бірі – жыныстық жетілу кезеңі. Бұл кезеңде адам бойында физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістер жүреді. Жасөспірім өзін тұлға ретінде танып, өз денесіне, мінез-құлқына және қоршаған ортамен қарым-қатынасына жаңа көзқараспен қарай бастайды. Сондықтан жыныстық жетілу мен жеке бас гигиенасы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің маңызды бөлігі.
Балалардың өсу кезеңіндегі өзгерістерін түсіндіру, физиологиялық өсудің ерекшеліктерін ажыратуға үйрету, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру мақсатында «Жалпы тәжірибелік дәрігер-3» кафедрасының ассистенті, Баймакова Гулнур Шуленовнаның жетекшілігімен 6- курс ІЖДТҚ-06-25 топ дәрігеринтерндер мектепке барып дәріс оқып, арнайы дағдыларды көрсетті. “Bilim Orda” мектебінің 7, 8, 9 сыныптарына дәріс оқыды. Сонымен қатар, слайдтармен оқушыларға түсіндіре жұмыстарын өтті және соңында сұрақ жауап айдарын жасап, оқушылардың сұрақтарына  жауап берілді.

Пікірлер орны (0)