Войти
Басты бет Хабарландырулар Хабарландыру 03.02
3 ақпан 2026
1

Хабарландыру 03.02

 

Ғылыми-зерттеу жобаларын ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру конкурсы жүріп жатыр

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ғылыми-зерттеу жобаларын ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру конкурсының жүріп жатқанын хабарлайды.

Конкурстың мақсаты:
Ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға жағдай жасау, перспективалы ғылыми бастамаларды айқындау және қолдау, сондай-ақ ғылыми жобаларды даярлау мен іске асыру сапасын арттыру.

Конкурстың басым бағыттары:
– экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
– энергия, озық материалдар және көлік;
– елдің зияткерлік әлеуеті;
– өмір және денсаулық туралы ғылым;
– агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы;
– ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдер 2026 жылғы 4 ақпанға дейін қабылданып жатыр.

Жобаларды іске асыру мерзімі:
Жобаларды іске асыру мерзімі 12 айдан 36 айға дейін.

Өтінімдерді беру тәртібі:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер электрондық форматта келесі электрондық пошта мекенжайы арқылы қабылданады:
vvg_skma2025@mail.ru

Конкурсқа қатысу талаптары, оны өткізу шарттары, сондай-ақ өтінімдерді беру нысаны мен тәртібі «Ғылыми-зерттеу жобаларын ішкі гранттық қаржыландыру конкурсы туралы ережеде» белгіленген. Конкурсқа қатысу талаптары, оны өткізу шарттары, сондай-ақ өтінімдерді беру нысаны мен тәртібі келесі сілтеме арқылы қолжетімді: ССЫЛКА

Түсіндірме алу және өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша Проектілерді басқару және коммерцияландыру офисіне (326-кабинет, Бас ғимарат) жүгінуге болады.