Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары 0–5 жас аралығындағы балалар ө...
30 сәуір 2026
1
0
0

0–5 жас аралығындағы балалар өлімін талдау бойынша өңірлік сараптамалық жиын өтті

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 0–5 жас аралығындағы балалар өлімі жағдайларын талқылауға арналған маңызды жиын өтті. Жиын барысында әртүрлі медициналық ұйымдардағы клиникалық жағдайлар қаралып, жан-жақты сараптамалық талдау жүргізілді. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Педиатрия-2 және Педиатрия-1 кафедраларының оқытушылары белсенді қатысып, кәсіби пікірлері мен ұсыныстарын ұсынды:
Педиатрия-2 кафедрасы:
* Доцент – Хатамов Фуркат Джамалович
* Ассистенттер:
– Турдалиева Тамарахан Молдабековна
– Сатымбекова Акмарал Шаймерденовна
Педиатрия-1 кафедрасы:
* Доцент – Баймаханова Бахтыгуль Бимендеевна
* Ассистент – Нарходжаев Нургали Сайлауович
Мамандар ұсынған сараптамалық қорытындылар медициналық көмектің сапасын арттыруға, ана мен бала денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге ықпал етеді.
Мұндай кәсіби кездесулер тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттырудың маңызды алаңы болып табылады.

Пікірлер орны (0)