2025 жылдың 20 мамырында «ОҚМА» АҚ жанындағы Медицина колледжі «Мейіргер ісі-2» кафедрасының ұйымдастыруымен «12-мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне» арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы «№1 қалалық клиникалық ауруханасы», «№2 қалалық ауруханасы», «Облыстық клиникалық ауруханасы», «Қалалық онкологиялық орталық», «Қалалық перинатальдық орталық» «№11 Қалалық емханасы», «№3 Қалалық емханасы» медициналық орталығының бас және аға мейіргерлері қатысты.
Ic-шараға «ОҚМА» АҚ-ның тербие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, жиналған қонақтарды және білім алушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, үлкен құрмет пен алғысын білдірді. Сондай-ақ келген қонақтарға жанқиярлық еңбектері үшін, науқастарға көмек қолын бергендері үшін алғыс хаттар табыстады.
Кейінгі кезекте, «ОҚМА» АҚ жанындағы Тәжірибелік дағдылар орталығының басшысы Калменов Нурлан Джуманович құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпқойлылығы мен адал еңбектері үшін алғыс хатпен "Мейіргер ісі - 1", "Мейіргер ісі -2" кафедрасының оқытушыларын марапаттады.
Іс-шарада «Мейіргер ісі-1» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.м. Серикова Бағдат Джолдыбаевна «Мейіргер ісі мамандарын даярлау жүйесін дамыту» тақырыбында бейне-баяндама жасады, ол медицина колледжінде «Мейіргер ісіндегі білім, ғылым және тәжірибе үштігі» жобасын іске асыру бойынша жол картасын орындау, мейіргерлік білім беру жүйесінде және мазмұнында жаңа формадағы мейіргер ісі мамандарын даярлау, мейіргерлердің білікті жұмыс күшімен білім беру бағдарламасын іске асыру барысы туралы атап өтті.
Мерекелік іс-шара «Мамандығым-мақтанышым» атты тақырыбында әдемі көріністі бейнероликпен және «Мейіргер» тақырыбында флешмобпен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, бірнеше Халықаралық байқаулардың лауреаты, М.Әуезов ОҚЗУ магистр, оқытушысы Тұрсынбаева Мөлдір Мырзагелдіқызының қазақтың ұлттық аспабы қыл қобызбен «Қазақ әндеріне поппуриін» орындауымен, «Шаттық» би ансамблі және ҚР Мәдениет қайраткері, лауреат иегері Елгонова Сандуғаш Дауренбайқызының өнер көрсетуімен жалғасып, мерекенің көркін кіргізді.