Войти
Басты бет Академия жаңалықтары 19 наурыз - Жаңару күні!
20 наурыз 2025
213
0
0

19 наурыз - Жаңару күні!

Жаңару күні аясында ОҚМА-ның Шет тілдері кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері раушан гүлдер мен жас ағаштар отырғызып, ересек ағаштардың діңдерін әктеп, топырағын қопсытты. Өсімдіктерді отырғызу және ағаштарды күту арқылы табиғатқа деген қамқорлық көрсеткені - экологиялық жауапкершіліктің маңызды белгісі. Мұндай шаралар жастарды экологиялық санаға тәрбтелей отырып, болашақ ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыруға бағытталған күш-жігерді арттырады.
Шет тілдері кафедрасының ұжымы осы маңызды іске қатысқан барлық жандарға үлкен алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар жалғасын табуы өте маңызды!

Пікірлер орны (0)