
2026 жылдың 19 қазанында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы Жастар ресурстық орталығында «19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай «Заң мен тәртіп және төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шара мақсаты – білім алушылардың бойына, өз өміріне және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін ұялату, төтенше жағдайлардың туындау себептерін ұғындыру, қауіп-қатердің алдын алу, азаматтық жауапкершілікті ояту және алғашқы көмек негіздерімен таныстыру.
Іс-шараға Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бас мамандары Ү.А.Рахматуллаев, С.Б.Серікбай және А.Р.Шәріп қатысты. Сонымен қатар, «ОҚМА» АҚ «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенті, топ тәлімгері Гүлжанат Оңласбекова мен 1-курс «Педиатрия» мамандығынан ВМ-ПҚА-01-26, ВМ-ПҚБ-01-26, ВМ-ПҚ-02-26 топ білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында өткізілген іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптары, төтенше жағдайлар туралы мәліметтер, төтенше жағдай орын алған сәтте үрейге бой алдырмай, дұрыс шешім қабылдау, алғашқы көмек көрсету және құтқару қызметтеріне уақтылы хабарласу дағдыларын дамыту, қауіп-қатер салдары мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.