Войти
Басты бет Академия жаңалықтары 25-қазан Республика күніне арн...
15 қазан 2025
19
5
3

25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің!» салтанатты іс-шара

2025 жылғы 15 қазанда «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті Нарзуллаева Динара Сабыржановнаның жетекшілігімен ІЖТДҚ 19-24 және ІЖТДҚ 20-24 топтарының дәрігер-интерндерінің қатысуымен Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі — Республика күнінің тарихи, саяси және мәдени маңызын түсіндіру, жас мамандардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру болды. Сонымен қатар, болашақ дәрігерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандыру да басты назарда болды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды. Бұл сәт барлық қатысушылардың бойында ерекше бір мақтаныш сезімін оятып, салтанатты кештің рухын биіктетті. 
Мерекелік іс-шара барысында дәрігер-интерндер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи оқиғалар мен мемлекетіміздің  дамуына қосқан үлестері туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сондай-ақ, болашақ дәрігерлер ретінде халықтың саулығы үшін аянбай еңбек ететіндеріне сенім білдіріп, өз кәсібіне адалдық танытуға ант берді.
Іс-шараның көркемдік бөлімінде дәрігер-интерндер отансүйгіштік рухтағы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.  Өлең жолдарында туған елге деген махаббат, Тәуелсіздікке деген шексіз құрмет, бейбіт өмірдің қадірі кеңінен көрініс тапты. 
Республика күніне арналған бұл шара студенттер үшін ерекше әсер қалдырды. Олар ел Тәуелсіздігінің мәнін терең түсінді, тәрбиелік әрі рухани мәні зор басқосу болды. Мұндай шаралар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, азаматтық сана мен патриоттық рухты нығайтады. Сонымен қатар, дәрігер-интерндер үшін бұл шара өз болашағына сеніммен қарауға үлкен шабыт сыйлады.

Пікірлер орны (3)
Rayana ☀️
😍
Абдулла
😍😍👍🏻👍🏻
Абдулла
😍😍👍🏻👍🏻