Войти
Басты бет Академия жаңалықтары 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін...
28 мамыр 2025
4
0
0

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жаралы жүрек» еске алу кеші

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жазықсыз жаралы жүрек» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кеші болып өтті. Кешке қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С. Жакипова конақ ретінде шақырылды. Кешті кітапхана меңгерушісі Р.Б.Бабажанова ашты. Тарихтың сол кезеңдегі ауыр уақытты еске алып, кеш қонақтары мен көрермендерге жылы лебізін білдірді.

Сонымен бірге «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Сабырбек Олжабай сөз алып, қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдар жайында айтып берді. Оңтүстік қазақстан медицина академиясы қызметкері А.С. Жакипова, М.Тынышпаев атындағы көлік колледжінің ұстазы Абдимоминова Асия, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің аға оқытушысы Құлмаханова Илфа қуғын-сүргін құрбандары жайында тарихи естеліктермен бөлісті. Жастарда оқу білімге шақыра отырып, осы күнге жетудегі ұлы тұлғаларадың ерен еңбектері екені жайында айтылды. Шақырылған қонақтарға алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер орны (0)