Войти
Басты бет Академия жаңалықтары 5-курс студенттерінің ғылыми-з...
26 желтоқсан 2025
1
0
0

5-курс студенттерінің ғылыми-зерттеу жобасы: Паркинсон ауруының клиникалық-демографиялық талдауы


ОҚМА неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында «Паркинсон ауруының клиникалық-демографиялық талдауы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы жүргізілді. Жобаға 5-курс студенттері В-ЖМҚА-05, В-ЖМҚБ-05, В-ЖМҚА-06 топтарынан қатысты.
Жобаны ғылыми жетекшілік етті: доцент Мустапаева Г.А., доцент Еркебаева С.К., ассистент Толебаева Г.Е.
Жобаның жүзеге асырылуы мен нәтижелерін талқылауға доцент Полукчи Т.В., сондай-ақ ассистенттер Мусаева С.К., Есетова А.А., Раманова Г.Б. қатысты.
Өткізу формасы: студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы семинарлық сабақ элементтері мен клиникалық деректерді тәжірибелік талдау.
Жоба аясында студенттер Паркинсон ауруының клиникалық-демографиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттер мен клиникалық бақылауларды талдады. Пациенттердің жас және жыныстық ерекшеліктері, әртүрлі клиникалық формалары мен ауру кезеңдері, сондай-ақ аурудың басталуы мен даму ерекшеліктері қаралды.
Жұмыс нәтижелері ерте диагностика мен уақтылы емдеудің маңыздылығын, сондай-ақ неврологиялық аурулары бар науқастарға кешенді тәсіл қажет екенін көрсетті. Студенттердің жобаға қатысуы ғылыми жұмыс дағдыларын, клиникалық ойлауды дамытуға және мамандық бойынша кәсіби білімді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Жоба студенттерге Паркинсон ауруының ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және ақпаратты талдау, нәтижелерді дайындау және ұсыну дағдыларын бекітуге мүмкіндік берді. Алынған материалдар кафедрада әрі қарайғы білім беру және ғылыми қызметте қолданылуы мүмкін.

Пікірлер орны (0)