2024 жылғы 22 ақпанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық" кафедрасында ғылыми комитет Комиссиясының отырысы өтті, комитет отырысында 8D10139 «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша 1, 2 және 3 курс (ДҚДСҚ-01-21, ДҚДСҚ-01-22, ДҚДСҚ-01-23) докторанттарының есептері тыңдалды.
Есептерді тыңдауға қатысқандар:
- Ғылыми комитет төрағасы – м.ғ.к., асс.профессор Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна;
- Ғылыми комитет Комиссиясының құрамы:
1) м.ғ.д., профессор м.а. Анартаева Мария Ұласбекқызы;
2) PhD, Жақсылық Алихан Алтынханович;
3) м.ғ.к., доцент м.а. Садибекова Жанат Умирбековна;
4) м.ғ.к., доцент м.а. Токкулиева Бахыт Болатовна;
5) м.ғ.к., доцент м.а. Султанбеков Касымхан Адильханович.
Есептерді тыңдау аяқталғаннан кейін ғылыми комитеттің төрағасы мен ғылыми комитет Комиссиясының құрамы білім алушы докторанттардың атқарылған ғылыми жұмыстарына оң пікірлер қалдырды.