
Ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай республика көлеміндегі іс-шаралар легі басталды. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, “Жалпы тәжірибелік дәрігер-2” кафедрасының оқытушысы Тасқынова Мая Әділбекқызының жетекшілігімен, әлем таныған бабамызды дәріптеу мақсатында тәрбие сағаты өтті. 612-25 топ интерн дәрігерлері және жетекшісі Тасқынова Мая Әділбекқызы, Абай атындағы кітапханада болып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өлеңдері оқылды. Интерн дәрігерлері шығармашылықпен айналысып, ақын мұрасына терең бойлады.