Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Әбуәли Ибн Сина атындағы Тәжік...
30 наурыз 2026
1
0
0

Әбуәли Ибн Сина атындағы Тәжік Мемлекеттік медицина университетінің базасындағы академиялық ұтқырлық

2026 жылғы 10–20 наурыз аралығында дәрілік заттар технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы атынан Анарбаева Р.М. және Орынбасарова К.К. Әбуәли ибн Сина атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің базасында (Душанбе қ., Тәжікстан Республикасы) академиялық ұтқырлықты жүзеге асырды.

 

Визитинг бағдарламасы өте ауқымды болды және фармацевтикалық факультеттің білім беру үдерісіне интеграцияны (дәрістер оқу, зертханалық-практикалық сабақтар өткізу), профессор-оқытушылар құрамына арналған мастер-класстарды ұйымдастыру және өткізу, оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын енгізу, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылау мен үйлестіруді қамтыды. Қосымша  университеттің ғылыми-зерттеу және клиникалық бөлімшелеріне сапарлар жүзеге асырылды.

 

Білім беру бағдарламасы аясында Р.М. Анарбаева 3–4 курс студенттеріне «Фармацевтикалық технология» пәні бойынша дәрістер өткізді. Дәрістер құрғақ заттар мен концентрленген ерітінділерден микстуралар дайындау технологиясын, көзге арналған дәрілік түрлерді әзірлеуді, суспензияларды дисперсиялық және конденсациялық әдістермен алу жолдарын, эмульсиялар технологиясын, дәрілік өсімдік шикізатынан су сығындыларын алу әдістерін, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістегі дәрілік түрлерді (сұйық, жұмсақ және стерильді дәрілік формалар) дайындау технологиясын қамтыды.

 

Сонымен қатар, «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттеріне «Фармацевтикалық биотехнология» пәні бойынша «Биообъект өндіріс құралы ретінде. Биообъектілердің жіктелуі, олардың қасиеттері. Биотехнология әдістері. Нысаналы өнімдердің бағытталған биосинтезінің физиологиялық тәсілдері» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

 

К.К. Орынбасарова 3 және 4 курс студенттеріне «Фармакогнозия» пәні бойынша дәрістер циклін өткізді. Дәрістер аясында дәрілік өсімдіктер мен шикізаттың анықтамалары, жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, әртүрлі химиялық табиғаттағы эфир майларын (ацикликалық, моноциклдік, бициклдік, ароматты, сесквитерпендік) қамтитын шикізат, сондай-ақ құрамында шайырлар, ащы заттар, жүрек гликозидтері, сапониндер, каротиноидтар және фенолды қосылыстар бар шикізат қарастырылды.

Сонымен қатар, «Фармация» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Ботаника» пәні бойынша жоғары споралы және ашық тұқымды өсімдіктер, сондай-ақ өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы қарастырылды.

 

«Ботаника», «Фармакогнозия», «Фармацевтикалық технология» және «Фармацевтикалық биотехнология» пәндері бойынша зертханалық-практикалық сабақтар теориялық білімді жүйелеуді және практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтыды. Сабақтар аясында дәрілік өсімдіктердің систематикасы, шикізаттың морфологиялық талдауы, экстракция әдістері, сапаны бақылау, дәрілік түрлерді алу технологиясы, ақуыздық өнімдерді биотехнологиялық жолмен алу, сондай-ақ заманауи аспаптық тәсілдерді қолдана отырып сапалық және сандық талдау әдістері қарастырылды.

 

 

Сабақтар зертханалық жұмыстарды орындаумен, хаттамаларды рәсімдеумен және алынған нәтижелерді талдаумен сүйемелденді, бұл білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға ықпал етті. Білім беру үдерісі заманауи инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылды.

 

Білім беру үдерісіне пәнаралық тәсілді жүзеге асыратын оқытудың инновациялық түрі — бинарлық дәріс енгізілді. Аталған формат «Фармацевтикалық технология» және «Фармакогнозия» пәндерін оқыту барысында «Фенолды қосылыстарды қамтитын дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаты» және «Дәрілік өсімдік шикізаты мен стандартталған экстракт-концентраттардан тұнбалар мен қайнатпалар» тақырыптары бойынша фармацевтикалық факультеттің 3 курс студенттеріне апробациядан өткізілді.

 

Бинарлық дәрісті пәнаралық интеграция құралы ретінде қолдану білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сабақ барысында студенттермен белсенді кері байланыс қамтамасыз етіліп, алынған білімді бекіту және өзектендіру бағытында жұмыс жүргізілді. Студенттердің сабаққа жоғары дәрежеде тартылғаны және өткізілген сабақтарға оң баға бергені байқалды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамына педагогикалық құзыреттерді жетілдіруге арналған мастер-кластар мен тренингтер ұйымдастырылды. Оларға мыналар кірді: «Оқу нәтижелерін бақылау формалары және олардың жүзеге асырылуы», «Фармацевтикалық пәндерді оқытуда белсенді оқыту әдістерін (TBL, PBL, RBL, CBL) қолдану», «Жобалық бағытталған оқыту», «ОСПЭ технологиясын қолдана отырып практикалық дағдыларды аттестациялау», сондай-ақ «Онлайн-курстар – білім беру үдерісінің инновациялық формасы». Сапар барысында ғылыми ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды, соның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізу, магистранттар мен докторанттарға ғылыми кеңес беру, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу мәселелері қаралды.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес практикалық бағыттағы оқыту формалары жүзеге асырылатын «Фармация» оқу-ғылыми-өндірістік орталығына сапар жасалды. Онда білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру, дәрілік өсімдік шикізатынан су сығындыларын алу технологиясы, сондай-ақ студенттердің жобалық қызметін ұйымдастыруға арналған дәрістер мен мастер-класстар өткізілді.

 

Сонымен қатар, студенттердің кәсіби құзыреттерін симуляциялық технологиялар арқылы дамытуға арналған практикалық дағдылар орталығына, сондай-ақ университеттің халықаралық ынтымақтастық бөліміне сапарлар ұйымдастырылды. Халықаралық білім беру және ғылыми серіктестіктерді дамытудағы негізгі бағыттар таныстырылды.

 

Әбуәли ибн Сина атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің музейін аралады. Экспозиция үлкен әсер қалдырып, университеттің тарихы мен жетістіктерімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Қонақтар кітапқа университеттің одан әрі дамуы, гүлденуі және жаңа жетістіктерге жетуіне шын жүректен тілектерін қалдырды.

 

«Вежа Фарма» компаниясын аралады. Сапар барысында өндірістік процесс пен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен танысты. Кәсіпорын инфузиялық ерітінділер өндірісін жүргізеді және фармацевтикалық өндірістің заманауи тәсілдерін көрсетті.

 

Тәжікстанның Медицино-әлеуметтік институтының қызметімен танысу ұйымдастырылды. Сапар барысында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық базасы және мамандарды даярлаудың негізгі бағыттары қаралды. Университет басшылығымен, соның ішінде ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Д. Мухиддина, ғылыми және баспа қызметі жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш. Икроми, фармацевтикалық факультет деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент З.Г. Гулмахмадзода және халықаралық бөлім бастығы Х.Н. Назарзода қатысқан ресми кездесудің аясында стратегиялық ынтымақтастық бағыттары талқыланды: студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық алмасу, өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру, магистранттардың тағылымдамасы, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарды өткізу, сондай-ақ жетекші ғалымдарды ғылыми-білім беру қызметіне тарту.

 

Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Серікжановаға естелік сыйлық пен алғыс хат табыс етілді, сондай-ақ ЖОО арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ілтипат білдірілді. Аталған кездесу білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, медицина және фармация саласындағы болашақ ынтымақтастыққа жол ашты. Сапар нәтижесі бойынша тараптар білім беру және ғылыми ресурстарды интеграциялау, фармацевтикалық профильдегі мамандарды даярлау сапасын арттыру және халықаралық академиялық өзара әрекеттестікті кеңейту бағытындағы ұзақ мерзімді және тұрақты ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады. Сапардың соңында Әбуәли ибн Сина атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің профессор Д. Р. Халифаев атындағы фармацевтикалық технология кафедрасының және фармакогнозия мен фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жылы лебіздерін білдіріп, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылар мен студенттердің белсенді әрі жемісті ынтымақтастығының жалғасатындығына үміт артты. Фармацевтикалық факультет деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Гулмахмадзода Зафар Гулмахмадқа; профессор Д.Р. Халифаев атындағы фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Шарифзода Шаҳриёру Бахтиёруға; фармакогнозия және фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Шомирзоева Омине Исмоиловнаға; «Фармация» оқу-ғылыми-өндірістік орталығының директоры, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Сафарзода Рамазон Шарофиддинге; фармакогнозия және фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының доценті Раҷабову Гадомаду Одинаевичке; сол кафедраның аға оқытушысы Борониев Назарали Сабоевичке Әбуәли ибн Сина атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университеті тарапынан жылы қабылдаулары, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар және университеттер арасындағы өнімді ынтымақтастық мүмкіндігін қамтамасыз еткендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

 

 

Сонымен қатар, берілген мүмкіндігі үшін «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ басшылығына алғысымызды білдіреміз. Болашақта ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен білім беру мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз.

Пікірлер орны (0)