Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Адалдық сағаты» іс-шарасы өтк...
13 қазан 2026
1
2
2

«Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізілді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Отбасылық медицина» кафедрасының ұйымдастыруымен ІТҚ-10-26, ІТҚ-11-26, ІТО-13-26 ІТО-14-26 топ білім алушыларына арналған білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім беру ұйымының ішкі тәртіп талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейту мақсатында кафедра ассистенттері Гүлзира Салхожаева және Дилдора Ешимбетова «Адалдық сағаты» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында білім алушыларға Академиялық адалдық кодексінің негізгі талаптары таныстырылды. Академиялық адалдықтың сапалы білім алудың басты шарты екені атап өтіліп, оқу үдерісіндегі адалдық, жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет және сенім қағидаттарының маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар плагиатқа жол беру, көшіру, жалған мәлімет ұсыну, емтихан және басқа да бақылау жұмыстары кезінде рұқсат етілмеген көмекші құралдарды пайдалану академиялық адалдық талаптарын бұзу болып саналатыны ескертілді.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына, білім беру сапасына және азаматтардың құқықтарына тигізетін теріс әсері туралы айтылды. Білім алушыларға пара беру мен алуға, заңсыз сыйақы ұсынуға, қызметтік мүмкіндіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді. Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда белгіленген тәртіппен жауапты тұлғаларға немесе тиісті мекемелерге хабарлау қажеттігі жеткізілді.
Кездесу барысында білім беру ұйымында қолданыстағы стандарттардың негізгі талаптары да қарастырылды. Білім алушылардың оқу сабақтарына жауапкершілікпен қатысуы, тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, кәсіби және этикалық нормаларды сақтауы, оқытушылармен және басқа білім алушылармен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуы қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар білім алушылар білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Сабаққа кешікпеу, себепсіз сабақ қалдырмау, оқу орнының мүлкіне ұқыпты қарау, қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоғамдық орындарда әдеп нормаларын ұстану және оқу ғимаратында белгіленген тәртіпке бағыну мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ішкі тәртіп ережелерін бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары жөнінде ақпарат берілді.


Іс-шара сұрақ-жауап және пікір алмасу түрінде жалғасты. Білім алушылар академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі тәртіпке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Күнделікті оқу үдерісінде кездесуі мүмкін жағдаяттар талқыланып, оларды заң талаптары мен әдеп нормаларына сәйкес шешу жолдары түсіндірілді.
«Адалдық сағаты» іс-шарасының қорытындысы бойынша білім алушыларға адалдық пен жауапкершіліктің тек оқу үдерісінде ғана емес, болашақ кәсіби қызметте де маңызды құндылықтар екені жеткізілді. Әрбір білім алушы академиялық адалдық талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті екені ескертілді.

Пікірлер орны (2)
Аташова Кумисай Кулдыраковна
Керемет👏👏👏
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👏👏👏👍💥