
13.05.26ж. А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында “Адам өмірі және суицидтен сақтану” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, психолог А.Ә. Мырзазия және 1 курс білім алушылары қатысты.
Мақсаты: білім алушыларға адам өмірінің құндылығын түсіндіру, суицидтің алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар адам өмірінің маңыздылығы, эмоционалдық тұрақтылық, күйзеліс пен жалғыздықтың алдын алу, қиындықтарды еңсеру жолдары туралы өзара пікір алмасты. Психолог А.Ә. Мырзазия жастарға өмірлік құндылықтарды бағалау, өз эмоцияларын басқару, сенімді қарым-қатынас орнату және қиын жағдайда мамандар көмегіне жүгінудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара қатысушыларға рухани қолдау көрсетіп, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
