Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «AI медицинада: менің болашақ...
10 сәуір 2026
1
0
0

«AI медицинада: менің болашақ мамандығымда» атты бейнероликтер байқауы

9.04.26ж. «Қазақстан тарихы және әлеуеметтік-қоғамдық пәндер» кафдрасының ұйымдастыруымен «AI медицинада: менің болашақ мамандығымда» атты бейнероликтер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың заманауи технологияларға, соның ішінде жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыру, медицина саласындағы болашақ мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыру. Байқау барысында қатысушылар медицина мен жасанды интеллекттің өзара байланысын ашып көрсетіп, өздерінің болашақ мамандығына деген көзқарастарын бейнеролик форматында ұсынды. Ұсынылған жұмыстар креативтілігімен, мазмұнының тереңдігімен және заманауи көзқарастарымен ерекшеленді.
Іс-шара білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жаңа технологияларды меңгеруге деген ынтасын күшейтуге және кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға оң ықпал етті.

Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
1 орын – «Стоматология» мамандығының 1 курс студенттері Қалқабай Айзере, Күмісбек Жания, Сансызбай Аружан.
2 орын – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 1 курс студенттері Амантай Адиля, Адирова Арайлым.
3 орын –Медико профилактикаалық іс және Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 1 курс студенттері Бакишева Лашын, Майлан Хадия, Сембек Диана иеленді.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға беріп, олардың креативтілігі мен тақырыпты терең меңгергенін атап өтті. Жеңімпаздардың жұмыстары мазмұндылығы, жаңашылдығы және идеялық ерекшелігімен көзге түсті.
Байқауға белсенді қатысқан барлық білім алушыларға алғыс білдіріліп, олардың алдағы уақытта да шығармашылық және ғылыми жетістіктерге жететініне сенім білдірілді.

Пікірлер орны (0)