2024 жылдың 24 Сәуір күні АҚ ОҚМА активистері «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен «Ақарыс» алаңында жастар арасында футболдан жарыс өткізді. Бұл жарысқа студенттер аса жауапкершілікпен дайындалып, турнир жоғары деңгейде өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты.
3 орын «Жатақхана» командасы алды
2 орын «Болашақ АЖО» алды
1 орын «Бірлесу» алды
Сонымен қатар Үздік ойыншыларға номинациялар тағайындалады:
Үздік қақпашы – Бейсенбек Дінмұхаммед
Үздік қорғаушы – Амантай Ұлан
Үздік шабуылшы – Қайсар Ерасыл
Үздік ойыншы – Дайрабай Нұрәулет.