Академияның бірінші проректоры М. М. Есіркепов Душанбе қаласында өткен жоғары оқу орындары ректорларының Форумына қатысты. Бұл Форум Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуі аясында өткізілді. Іс-шара барысында Академия басшылығы Әбуәлі Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің өкілдерімен бірге бірлескен оқу қызметін, академиялық ұтқырлық пен ғылыми жобаларды өткізу перспективаларын талқылады.