Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академия білім алушылары «Осте...
12 ақпан 2026
1
0
0

Академия білім алушылары «Остеопорозды диагностикалау, емдеу және алдын алу» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысты

2026 жылдың 12 ақпанда оқу үдерісі аясында онлайн-форматта жалпы тәжірибелік дәрігер интерндеріне арналған кезекті жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-талқылау дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға онлайн алаңда «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, «Семей медицина университеті» КЕАҚ 6 және 7 курс интерндері мен ғылыми жетекшілері қатысты.
Аталған «дөңгелек үстелде» өте өзекті әрі қызықты тақырып талқыланды: «Остеопорозды диагностикалау, емдеу және алдын алу». «Жалпы тәжірибелік дәрігер–2» кафедрасынан 6-курс интерндерінің келесі топтары қатысты: ІЖТДО-19-25, ІЖТДК-13-25, ІЖТДК-16-25, ІЖТДК-18-25 и ІЖТДО-22-25.
«ЖТД-2» кафедрасының медицина ғылымдарының магистрі Сметова Р.А.-ның ғылыми жетекшілігімен ІЖТДО-19-25 тобының интерндер Алибекова Ж.Р. және Баймхан А.К. «Остеопороздың этиопатогенезі, эпидемиологиясы және жіктелуі» тақырыбында баяндама жасады.
«Дөңгелек үстел» барысында баяндамашылар Алибекова Ж.Р. және Баймхан А.К. қазіргі кездегі остеопороздың этиологиясы мен патогенезі мәселелерін жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, алыс және жақын шетел ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, остеопороздың мәселесінің өзектілігі мен бұл аурудың жіктелуін қолданудың қазіргі заманғы тәсілдеріне арналған аналитикалық шолу ұсынды, оның ішінде Қазақстандағы жағдай да қамтылды.

Сондай-ақ, «дөңгелек үстелде» басқа жоғары оқу орындарының өкілдері де өз баяндамаларын ұсынып, онда клиникалық көріністер, диагностиканың ең жаңа әдістері, заманауи емдеу стратегиялары, сондай-ақ алдын алу және оңалту мәселелері қарастырылды.
Баяндамалардан кейін қызу пікірталас өрбіді, оның барысында интерндер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары сұрақтар қойып, пікір алмасты және остеопорозбен ауыратын науқастарды бақылау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл талқылау қатысушылардың білімін тереңдетіп, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және болашақ жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара түрлі медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері арасындағы ғылыми қызығушылық пен ынтымақтастық атмосферасында өтті және интерндер арасында тәжірибе алмасуға ықпал етіп, кәсіби пікірталасты жандандырып, қатысушыларға остеопорозбен ауыратын науқастарды жүргізу тактикасы бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бұл іс-шара интерндердің ғылыми-зерттеу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпалы етті, ғылыми жұмысқа және өзекті клиникалық тақырыптарды өз бетінше зерделеуге қызығушылықтарын оятты.

Пікірлер орны (0)