Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Академия қызметкері Астанада ө...
20 қараша 2025
1
0
0

Академия қызметкері Астанада өткен Elsevier халықаралық конференциясына қатысты

2025 жылдың 12 қарашасында Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі ғылыми үдерістердің этикасы, адалдығы және цифрлық трансформациясына арналған Elsevier Kazakhstan International Research Conference 2025 конференциясы өтті. Конференцияға PhD, ғылыми журналдарды үйлестіру және дамыту бөлімінің меңгерушісі Бекарысова Дана Сапарғалиқызы қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Кобенова және Elsevier компаниясының өңірлік вице-президенті Флурте Флиппо ашып, құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық отырыста Қазақстандағы ғылымды дамыту басымдықтары мен зерттеулердің болашағына арналған баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, Алия Сембаева мен Асылхан Бибосинов мемлекеттік ғылыми саясаттың негізгі бағыттарын таныстырды. Конференция қатысушылары Марат Фатхуллиннің (Elsevier) жасанды интеллект пен деректер аналитикасының дәлелді ғылыми саясат қалыптастырудағы рөлі туралы баяндамасына да айрықша назар аударды.
Параллельді сессиялар аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелері, ғылыми басылымдарды цифрландыру және зерттеу қызметін басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар Scopus базасына енгізілген журналдардың редакторларына арналған воркшоп өтіп, онда редакциялардың дамуын жоспарлау және редакциялық міндеттерді тиімді шешу жолдары қарастырылды.
Конференцияға қатысу ғылыми коммуникацияның заманауи үрдістері, цифрлық құралдар мен этикалық стандарттар туралы өзекті ақпарат алуға, сондай-ақ кәсіби байланыстарды нығайтып, халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)