
Республика күніне орай Түркістан қаласында ұйымдастырылған ауқымды марафонға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының белсенді студенттері қатысты.
Жастар саясаты бөлімінің қолдауымен жарыс жолына шыққан болашақ дәрігерлер белгіленген қашықтықты сәтті еңсеріп, өздерінің белсенділігін, төзімділігін және салауатты өмір салтына деген ұстанымын көрсетті.
Аталған марафон жастар арасында бұқаралық спортты насихаттауға, дене белсенділігін арттыруға және студенттер арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтуға бағытталды.
Осындай игі бастамаларға қатысу арқылы академия студенттері қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосып, жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.