Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академия студенттері «Senat Op...
16 ақпан 2026
1
0
0

Академия студенттері «Senat Open 2026» Сенат кубогының жеңімпазы атанды

2026 жылдың 14 ақпанында жылдам шахматтан медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, денсаулық сақтау жүйесі және фармацевтикалық компания қызметкерлері арасында Шымкент қаласының 1/8 Сенат кубогы-Чемпионаты өтті.
Жарыс зияткерлік дамудың құралы ретінде шахматты насихаттау, денсаулық сақтау және фармацевтика қызметкерлерінің спорттық дайындығын жақсарту, 2026 жылғы Сенат Кубогының ширек финалына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Жарысқа Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спортшылары да қатысты. Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясының ақшалай сыйлықтарымен және сыйлықтарымен марапатталды. I-V орын алған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.


Біздің жеңімпаздарымыз:
ΙΙ -орын Өстемір Дінмұхаммед ІЖТДО-30-24
IV-орын Досалы Алмас В-ФӨТОБ-04-25
V-орын Турадилов Мейірбек «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы.

Пікірлер орны (0)