
2025 жыл 22 қыркүйек күні қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С. Жакипова өзінің тәлімгерлік тобымен бірге Жандосова 22\2 мекен жайында орналасқан академия жатақханасында өз кезекшілігін атқарды. Кезекшілік кезінде тәлімгерлік топ білім алушыларымен бірге жатақханада тұратын білім алушылармен әңгіме жүргізілді. Академиялық ішкі тәртіптер жайы сөз болды. Әрбір жатақханада тұратын білім алушы жатақхана мүлкін білдірмеу керек, жатақхана бөлмелерінде, жуыну бөлмелерінде тазалықты сақтау, ас бөлмесінде ұқыптылық қажет екенін түсіндірілді. Сонымен бірге техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Топ білім алушылары өз құрдастарының жатақханадағы өмірлерімен танысып, өз көкейлерінде жүрген түрлі мәселелерімен бөлісіп, жатақхана өмірінің қызықтары жайында әңгіме құрып, қызықты сұхбаттасу болды.