
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нуржанбаева Жанат Оралбайқызы «Ата Заң – ел бірлігінің кепілі» тақырыбында Медицина және Фармация факультетінің 1 курс білім алушыларына ашық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – білім алушыларға жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнын түсіндіру, оның мемлекет тұрақтылығы мен бірлігін нығайтудағы рөлін ұғындыру, сондай-ақ жастардың бойында отансүйгіштік, құқықтық жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастыру болды.
Дәріс барысында жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, сондай-ақ жаңа реформалардың мәні кеңінен түсіндірілді. Ата Заң – мемлекеттің негізгі тірегі әрі ел бірлігінің кепілі екені атап өтілді.
Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін нығайта түседі.
