Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық»
18 мамыр 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық»

2026 жылғы 28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынның Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен СҚАБ-01-25, СҚАБ-02-25, СҚАБ-06-25 топтарының студенттері арасында академияның комплаенс -офицері Пернебаев Н.А.-ның қатысуымен сессия қарсаңында «Академиялық адалдық» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты - студенттерге академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру, оқу процесінде әділдік пен жауапкершілікті сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ емтихан сессиясы кезінде академиялық құқықбұзушылықтардың (плагиат, көшіру, алдау) алдын алу.
Іс-шара барысында академиялық адалдықтың маңызы, оның студенттің жеке дамуына және болашақ кәсіби қызметіне әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, академиялық тәртіпті бұзудың салдары мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.
Бұл кездесу студенттердің адал білім алуға деген көзқарасын нығайтып, оқу процесінде жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)