Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары “Академиялық адалдық-болашақ д...
5 қазан 2026
1
0
0

“Академиялық адалдық-болашақ дәрігердің кәсіби жауапкершілігінің негізі”

2026 жылдың 1 қазанында Клиникаға кіріспе кафедрасында кафедра меңгерушісі Жумадилова А.Р кафедра ассистенттерімен бірге “Академиялық адалдық-болашақ дәрігердің кәсіби жауапкершілігінің негізі” тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын насихаттау, білім алушылардың академиялық жауапкершілігін арттыру және оқу үдерісінде адалдық пен әділдік принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Іс- шараға ВМСҚБ-06-25,ВМСҚАБ-07-25 топтарының білім алушылары қатысты.
Іс- шара соңында кафедра ассистенттері білім алушыларға сұрақ қойып, кері байланыс жасалды.
Білім алушылардың оқу барысында адалдық пен жауапкершілікті басты мақсатқа айналдыруына бағыт бағдар жасалды.

Пікірлер орны (0)