
«Мейіргер ісі-2» кафедрасы «Академиялық адалдық – болашақ маманның басты құндылығы» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы дөңгелек үстел өткізілді.
Академиялық адалдық – білім алушылардың оқу үдерісіндегі шынайылығының, жауапкершілігінің және әділдігінің негізі.
Мейіргер мамандығы – адам өмірі мен денсаулығына тікелей жауапты, жоғары адамгершілік қасиеттерді қажет ететін мамандық.

Іс-шара барысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, көшіру мен плагиатқа жол бермеу, білімді әділ бағалау және болашақ маманның кәсіби жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Академиялық адалдықты сақтау – тек оқу орнындағы талап емес, болашақ кәсіби қызметте сенімге ие болудың маңызды шарты. Өз біліміне адал, ісіне жауапты маман ғана қоғамның сенімін ақтап, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қоса алады.
Академиялық адалдық – сенімді болашақтың кепілі!