Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық» кодексі...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық» кодексі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 мамырында «Топографиялық анатомия және гистология» кафедрасында академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты Комплаенс-офицері Н.А. Пернебаевтың және кафедра оқытушыларының қатысуымен студенттерге арналған профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара «Академиялық адалдық» кодексінің принциптерін түсіндіруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналды.
Іс-шара барысында оқу орнындағы этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы және білім беру процесінің ашықтығы, емтихандар, сынақтар және практикалық дағдыларды аттестаттау кезінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне жол бермеу, «Академиялық адалдық» кодексінің негізгі ережелері және оларды бұзған жағдайда туындайтын академиялық және тәртіптік жауапкершілік мәселелері талқыланды. 
Іс-шара соңында Комплаенс-офицер мен оқытушылар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ашық пікір алмасу өткізілді.

Пікірлер орны (0)