Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық лигасы, а...
13 қазан 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық лигасы, академиялық адалдық қағидаттары»

2026 жылдың 25 қыркүйегінде ОҚМА Фтизиопульмонология және радиология  кафедрасының ұйымдастыруымен РРДҚ-01-26, РРДҚ-02-26, РРДҚ-03-26, РРДҚ-04-26, РРДҚ-05-26  топтарының резиденттері, және ПОҚ арасында, кафедраның Академиялық адалдық лигасы жұмысына  жауапты оқытушысы  Серхожаева Талшын Халилаевна «Академиялық адалдық лигасы, академиялық адалдық қағидаттары» тақырыбында дәріс өткізді.


Іс шараның негізгі мақсаты - Академиялық адалдық лигасы  Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын біріктіретін қауымдастық. Лига 2018 жылғы 28 тамызда құрылған. Оның басты мақсаты - академиялық адалдық қағидаларын жоғары оқу орындарында қалыптастыру және дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру.  
Дәріс барысында резиденттер білім беру үдерісінің академиялық адалдығының негізгі қағидаттарымен танысты:
- Адалдық – ППҚ, қызметкерлер мен білім алушылардың өз міндеттеріне адал және жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік танытуы;
- Автордың және оның құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғау – авторлық құқық объектісі болып табылатын еңбектердің авторлығын мойындау және қорғау, өзге адамның сөзін немесе ойын дұрыс жеткізу және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін көрсету арқылы жүзеге асырылады;
- Ашықтық – білім алушылар мен оқытушылар арасындағы айқындық, өзара сенім және ақпарат пен идеялармен еркін алмасу;
- Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікір мен идеяларды еркін білдіру құқығын сақтау.
- Теңдік – әрбір білім алушының, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкердің академиялық адалдық қағидаттары мен ережелерін сақтау міндеті және оларды бұзғаны үшін тең дәрежеде жауапкершілікке тартылуы;
- Шыншылдық – кез келген жағдайда және қызмет саласында алдаудан, жалған мәлімет беруден және құжаттарды қолдан жасап бұрмалаудан аулақ болу;
- Дәлдік (шынайылық) – ұсынылатын ақпараттың шындыққа сай болуы, ғылыми тұжырымдарды фактілер мен объективті пайымдаулар негізінде жасау;
- Жауапкершілік – Академиялық адалдық кодексінің талаптарын орындау және академиялық адалдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болу;
- Объективтілік – шешімдерді объективті деректерге сүйене отырып қабылдау, жеке көзқарасқа немесе субъективті пікірге жол бермеу;
- Әділдік – профессорлық-оқытушылық құрамның, білім алушылар мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін бұлжытпай сақтау және академиялық адалдықтың бұзылу жағдайларын әділ қарастыру;
- Академиялық адалдықты бұзуға нөлдік төзімсіздік – академиялық адалдықтың әрбір бұзылуын тіркеу, қарастыру және осы Кодекске сәйкес тиісті шараларды қолдану.

Пікірлер орны (0)