
ОҚМА АҚ Педиатрия-2 кафедрасының ассистенті Сатымбекова Акмарал Шаймерденовна 3-курс педиатрия білім алушыларына «Академиялық адалдық» тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндама барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидалары, білім беру үдерісіндегі адалдық пен жауапкершіліктің маңызы, плагиаттың алдын алу жолдары және өз еңбегін шынайы бағалау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар студенттерге кәсіби маман ретінде қалыптасуда адалдық пен әділдіктің алатын орны түсіндірілді.
Кездесу білім алушылардың белсенді қатысуымен өтіп, академиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Академиялық адалдық — сапалы білім мен табысты болашақтың негізі!