Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық алмасу және ынтыма...
15 қазан 2026
1
0
0

Академиялық алмасу және ынтымақтастық: профессор К. М. Хамчиев ОҚМА морфофизиология кафедрасының жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Морфофизиология кафедрасына Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінен кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, МУА профессоры, ЖАК доценті, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Хамчиев Курейш Мавлович келді.

Сапар барысында құрметті қонақ кафедраның тыныс-тіршілігімен танысып, оқу зертханаларын аралап, олардың материалдық-техникалық жабдықталуына және білім беру үдерісінің ұйымдастырылуына ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу өзара сыйластық, кәсіби пікір алмасу және педагогикалық тәжірибе бөлісу атмосферасында өтті. Осындай тағылымды кездесулер академиялық бірліктің, ғылыми дәстүрлер сабақтастығының және медициналық білім беруді үздіксіз жетілдіруге деген ортақ ұмтылыстың жарқын үлгісі болып табылады.

Пікірлер орны (0)