
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алушыларға «Интегралды GPA» талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты – студенттерге «Интегралды GPA» жүйесінің талаптарын түсіндіру, оның оқу үдерісіндегі маңызын таныстыру және білім алушылардың академиялық көрсеткіштерін жақсартуға бағыт-бағдар беру.
Түсіндіру жұмыстарын Жастар саясаты бөлімінің қызметкері Асқар Мерей және Ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Майдан Мухамедияров жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай ақпараттық кездесулер білім алушылардың академиялық талаптарды жақсы түсінуіне және оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді.