Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық ұтқырлық аясындағы...
16 қазан 2025
3
0
0

Академиялық ұтқырлық аясындағы тәжірибе алмасу

2025 жылдың 13–17 қазан аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасының
аға оқытушысы Сутимбекова Назгул Сеитбековна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасында
оқу және әдістемелік жұмыс жүргізді.
Ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқытушы «Стоматология» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттеріне «Микробиология» және «Микробиология және иммунология» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.Сабақ барысында студенттерге микробиология саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер, зертханалық диагностиканың инновациялық әдістері,сонымен қатар клиникалық тәжірибеде қолданылатын микробиологиялық зерттеу тәсілдері туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Іссапар аясында кафедра ұжымымен ғылыми-әдістемелік пікір алмасу ұйымдастырылып,оқу процесін жетілдіру мен тәжірибе алмасудың тиімді жолдары талқыланды.Мұндай академиялық байланыстар екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибені жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының                                                                                  «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы
Сутимбекова Назгул Сеитбековнаға кәсіби шеберлігі,
білім алушылармен нәтижелі жұмысы және ғылыми әлеуетімен бөліскені үшін алғысын білдіреді.

Пікірлер орны (0)