Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық ұтқырлық – білім т...
10 наурыз 2026
1
0
0

Академиялық ұтқырлық – білім трансфері

23.02-6.03.26 ж. аралығында Семей медицина университеті  «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының оқытушысы Базарбеков Галымбек Женисбекович академиялық ұтқырлық аясында ОҚМА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында «Медицина» және «Фармация» факультетінің білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша дәріс, тәжірибелік  және білім алушылардың өзіндік жұмыстары сабақтарын өткізді. Мақсаты: Жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, оқытудың сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістемелерді үйрену. ОҚМА тарапынан сабақтарға қатысқан білім алушылар мен оқытушылар Базарбеков Галымбек Женисбековичтің кәсіби құзыреттілігін жоғары бағалап, оның сабақтары білімді жүйелі түрде жеткізгенін, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырғанын атап өтті. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының нәтижесінде алынған тәжірибе, инновациялық әдістемелер және ұйымдастырылған сабақтардың сапасы болашақта да университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенім мол. ОҚМА-ның оқытушылары мен білім алушылары Семей медицина университетінің оқытушысы Базарбеков Галымбек Женисбековичтің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, қажетті білім мен дағдыларды бергеніне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында осындай жемісті тәжірибенің қалыптасуына ықпал еткен Семей медицина университетінің басшылығына алғысын айтты және бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай да сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

Пікірлер орны (0)