Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық ұтқырлық — жаңа мү...
21 қазан 2026
1
0
0

Академиялық ұтқырлық — жаңа мүмкіндіктер кеңістігі

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері келді. Олар фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында «Клиникалық фармакология» пәні бойынша білім алуда.

Қонақтарға академия бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Студенттер оқу және ғылыми бөлімшелерді аралап, ОҚМА-ның білім беру инфрақұрылымымен және академия ұсынатын мүмкіндіктермен танысты.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, кәсіби тәжірибе алмасу мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.

Пікірлер орны (0)