Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Алғыс айту күні
28 ақпан 2025
190
0
0

Алғыс айту күні

Алғыс айту арқылы біз өзіміздің ішкі дүниемізді, біздің өмірімізді жақсартуға мүмкіндік береміз. Алғыс айту — бұл шын жүректен жасалатын қадам, ол әрдайым адамдарды жақындатып, арадағы байланысты нығайтады. 28-ші ақпанда Дене тәрбиесі орталығының тәлімгерлері Шораева Н.Б. және Тугелбай А.Н. көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» күніне орай ВМ-МШ-09-23 және ВМ-МШАБ-12-23 топтарымен тәлімгерлік сағат өткізді.
Тәлімгерлік сағатта білім алушыларға алғыс айту адамның рухани дүниесін байытатынын, біздің басқа адамдарға деген құрметімізді көрсететінін, жалпы адам өмірінде маңызы зор екені туралы талқыланды.

Пікірлер орны (0)